0 Жүктелуде ...

ЖАСТАР
ТЕАТРЫ
ЖАСТАР
ТЕАТРЫ

23 қазан 2021

ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ПРЕМЬЕРА САХНАЛАНБАҚ!

Елорданың төл перзенті «Жастар театры» жаңа маусымда көрерменді тың туындылармен қуантуды мақсат етіп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» 2021 жылдың 23-24 қазан күндері, сағат 19:00-де ағылшын драматургы У.Шекспирдің «Ханзада» (Hamlet) трагедиясының премьерасы өтеді. 

 

«Гамлет» – әлемдік классик Уильям Шекспирдің әлем бойынша ең көп сахналанған шығармаларының бірі. Туындыда адам жанының сан түрлі мінезі ашылады. Қойылымның көрерменін ойлантар орайлы, ойлы тұстары мол.

Трагедияның басты кейіпкері — корольдің жалғыз ұлы ханзада Гамлет. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен соң, көп ұзамай анасының тақты иемденген туысқан ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлетті шексіз жан азабына душар етеді. Оның көзіне бүкіл дүние қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз көрінеді. Тосыннан болған мұндай қорқынышты оқиғалар оны әділетсіздіктер мен зұлымдықтар дүниесіне қарсы күреске шақырады. Әкесінің өлімі үшін кек алудан бөлек, ендігі жерде ол өзімен, өзіндегі қарама-қарсы, күрделі ойлармен, түсініктермен арпалысады.


Қойылым режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Қойылымда ілеспе аударма қамтылған (синхронный перевод)


Құрметті БАҚ өкілдері! «Жастар театрында» сахнаға жол тартатын жаңа қойылымды тамашалап, жан-жақты ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры»

Күні:  23-24 қазан 2021 жыл

Уақыты: 19.00-де

БАҚ бөлімі: +7775 278 23 05, +7775 511 91 73

 

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, І.Есенберлин көшесі 10. «Жастар театры»

10%
Жылжыту Көру Жабу Қосу