
РЕВИЗОР
Рөлдерде
- И.А.Хлестаков - Дәурен Серікбекұлы СЕРҒАЗИН
- Дуанбасы - А.А.Сквозник Дмухановский - Әділ Ералыұлы АХМЕТОВ
- Анна Андреевна - Махаббат Ниязбекқызы МАДҒҰЛОВА
- Мария Антоновна - Мәдина МАЙ
- А.Ф.Ляпкин-Тяпкин - Бақыт Бахтанұлы ХАДЖИБАЕВ
- А.Ф.Земляника - Азамат Жұмабайұлы ЕСҚҰЛОВ
- П.И.Бобчинский - Жандәулет БАТАЙ
- П.И.Добчинский - Нұрлыбек Әбдірасулұлы ТӨЛЕГЕН
- И.К.Шпекин - Айнұр Асанқызы РАХИПОВА Айман ЕСЕНҚЫЗЫ
- Осип - Бекжан Нұрсұлтанұлы КЕРІМБАЕВ
Сипаттама
Аударған: М.Әуезов
Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің «Ревизоры» Жастар театрының сахнасында өзгеше екпінмен, ерекше шабытпен, қайталанусыз бағытпен театр әлеміне жол тартты.
Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Олардың бітім-болмысы көзбояушылықтан, жағымпаздықтан тұрады. Қойылым қоғамымыздағы осы тектес келеңсіздіктерді заманауи пайымдап, аяусыз әжуалайды.
Марапаттар:
- Қалааралық театрлар фестивалі (Астана, 2008) «Ең үздік спектакль» – Гран-при
- Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының
ХХ Республикалық фестивалі (Орал, 2012) «Ең үздік спектакль» – Гран-при
- Орта Азия мемлекеттерінің V Халықаралық театрлар фестивалі (Ақтау, 2014)
«Ең үздік спектакль» – Гран-при
«Ең үздік ер адам бейнесі» (актер Дәурен Серғазин)
- «Туғанлық» VI Халықаралық түркітілдес театрлар фестивалі (Уфа, 2017)
«Кәсіби жабдық пен ансамбльдік ойын үшін»
«Үздік музыкалық безендіру»
«Екінші пландағы Үздік әйел бейнесі» (актриса Махаббат Мадғұлова)
- «SAMGAU» VI Халықаралық театр фестивалі (Астана, 2018)
«Үздік ер адам бейнесі» (актер Дәурен Серғазин)