Мәдениеттің алтын көпірі
Өзбекстаннан келген мәртебелі қонақтар – Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің сарапшы комиссиясының мүшесі Абидов Шорустам Файзуллаевич пен Каттақорған драма театрының директоры Казоков Суннатилло Бахриддинович арнайы сапармен Астана қаласы әкімдігінің “Жастар” театрына ат басын тіреді.
Басты мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты тереңдету, театр өнерінің дамуына жаңа серпін беру еді. Осы орайда, қос елдің мәдени ынтымақтастығын нығайту мақсатында маңызды меморандумға қол қойылды. Енді, келешекте екі елдің өнер ордалары өзара тәжірибе алмасып, бұл игі бастама – бауырлас халықтардың рухани байланысын бекемдей түсіп, мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға тың серпін бермек.
