Поделиться в соц. сетях

ҚЫТАЙДЫҢ ОСКАРЫ

Театрымыздың актері, театр сахнасында ғана емес, үлкен экранда да өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген Бахыт Хаджибаев халықаралық деңгейде зор жетістікке қол жеткізді!

? Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халықаралық кинофестивалінде актеріміз «Операция Набат» көркем фильміндегі басты рөлі үшін «Үздік актер» аталымын жеңіп алды!

? Шынайы оқиға желісімен түсірілген бұл фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген болатын.

Бұл жеңіс – театр ұжымының ортақ мерейі, қазақ актерлік өнерінің абыройы.

? Құрметті әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

#ЖастарТеатры #ҮздікАктер

2025-07-06