ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ...

ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ...

триптих

Сипаттама

Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым.

Жүректі жан үшін сол өлшеулі сәттің құны да, бағасы да теңдессіз. Әйтсе де өркениет өрістеп, құндылығы өзгерген бүгінгі біздің тым-тым қатыгездеу қоғамда адам жанына үңіліп, арман-мұңымен бөлісудің өзі қияметке айналып бара жатқаны жасырын емес. Адам арманынан материалдық құндылығы басым түскен қоғамда кейде санаға сәуле құйып, ойға төңкеріс жасайтын шығармаға сұранады адам жаны.

Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері туындысындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды.

Марапаттар: 

  • «АRT-ORDО» VІІ Халықаралық театр фестивалі (Бішкек, 2019)

 «Үздік спектакль» – Гран-при 

Жақын арада: