Айман ЕСЕНҚЫЗЫ

  • актриса

Жетістіктер

  • 2017 ж. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан «Алғыс хат»;
  • 2018 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
  • 2019 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың атынан «ҚҰРМЕТ» грамотасы;

Өмірбаян

15 наурыз 1989ж. Алматы облысы, Көксу ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келді.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрынның актрисасы.

Театр

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Сәнтай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Жанар (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/ – Ай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Шпекина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ – Анита, Ничья (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Даяшы (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Сәжида (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» – Фея (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Балапан (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Лақ (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» – Қаз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Наурыз ару» /ертегі/ – Балым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Айткүл (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Патшайым (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Клодина (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Жібек» (мюзикл) – Дүрия (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);


«Қазақстан» телеарнасындағы телехикаялар мен «Балапан» телеарнасындағы анимациялық фильмдердің дубляж актері;

Кино

Дубляжда дыбыстаған кейіпкерлері:

«Ойыншықтар хикаясы» – Бо рөлін дыбыстаушы;