Балжан Жарқынбекқызы ЗИЯҚҰЛОВА

  • актриса

Жетістіктер

2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлының атынан «Алғыс хат»;

Өмірбаян

23 желтоқсан 1990 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келді.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені...» /мелодрама/ – Нұрсина (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері); 

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» – Түлкі /ертегі/ (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Кейуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Әйел (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Асқабақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері; );

Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Ана-дала (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ - Хадиша (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);