Мәдина Ғаниқызы ЖҰМАБАЕВА

  • актриса

Жетістіктер

2019 ж. - Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі атынан «ҚҰРМЕТ» грамотасы;

2020 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;

Өмірбаян

12 мамыр 1985 жылы Украина республикасы, Сумы қаласында дүниеге келді.

2001-2004 ж.ж. Петропавл өнер колледжін «Драма актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2002-2005 ж.ж. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрында актриса;

2007-2008 ж.ж. Астана қаласындағы ҚР Президенттік мәдениет орталығының Дәстүрлі театрында актриса болып қызмет етті;


Солтүстік Қазақстан облыстық телеарнасында, City Z продюсерлік орталығында (Астана қаласы) дубляж актері;

2005-2009 ж.ж. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр және кино актері» мамандығын Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ақыш Омардың шеберханасында игеріп шықты.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Мериме, Бизе-Щедрин «Кармен» /музыкалы-пластикалық трагедия/ – Кармен (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Катарина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Милат (Қожаның анасы)  (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Кейуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Нұргүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ - Лореннің анасы (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Сотанвиль ханым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Өгей шеше ((Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Лиди (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ – Дәмелі (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);