Махаббат Ниязбекқызы МАДҒҰЛОВА

  • актриса

Жетістіктер

  • 2017 ж. «Туғанлық» VI Халықаралық түркітілдес театрлар фестивалінің «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» (Н.Гоголь «Ревизор» - Анна Андреевна ролі) жүлдесінің иегері;
  • 2019 ж. - Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі атынан «ҚҰРМЕТ» грамотасы;
  • 2020 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;
  • 2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлының атынан «Алғыс хат»;

«7 арнада» он шақты түрік және деректі фильмдердің дубляж актрисасы.

Өмірбаян

1 шілде 1981ж. Көкшетау қаласында дүниеге келді.

2004-2007 ж.ж. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі Гүлжан Әспетовадан дәріс алды.

2007 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.


Театр

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Анна Андреевна (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ - Қожаның әжесі (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ - Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Наурыз ару» /ертегі/ - Әдемі күн (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ - Жесір әйел (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Эмма Ивановна (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Анжелика (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Масаты (Тілептің кемпірі) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Кино

2010ж. «Астана - махаббатым менің» - Әуежай диспетчері;

2011ж. «Жас ұлан» эпизодтық роль;

2012ж. «Лампочка» (новелла);

2016ж. «Қызыл алма»/мелодрама/ – Жанат Ахатова (басты роль), «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы;