Мұхтархан Сәдуақасұлы МАНАП

  • актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Өмірбаян

1943 жылы 15 наурызда Сарыөлең ауылы, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

1968 жылы Мәскеудің Кеңестер Одағының Кіші театр жанындағы М.С.Щепкин атындағы жоғарғы театр училищесінің (ВУЗ) актерлік бөліміне оқуға қабылданып, профессор М.Н.Гладков пен В.К.Смирновтардың шеберханасында шыңдалды. 1972 жылы аталған оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Қазақ ССР-нің мәдениет министрлігінің жолдамасымен 1972 жылы тамызда Торғай облысында музыкалы драма театр ашу үшін барады. С.Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық қазақ музыкалы драма театрында 1988 жылға дейін қызмет етеді.

1988 жылы Қазақстан Орталық партия комитетінің нұсқауымен Жезқазған облысында қазақ театрын ашу үшін жіберіледі. Жезқазған облыстық қазақ музыкалы драма театрында 1990 жылдың 1-ші қарашасына дейін еңбек етті.

Павлодар облысының басшыларының шақыруымен 1990 жылы 7 желтоқсанда Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының алғашқы шымылдығын ашуға ат салысып, сол театрда актер қызметін атқарады.

Театр сахнасында жасаған 100 аса үлкен-үлкен образы Қазақстанға емес, бүкіл ТМД елдеріне белгілі.

Театр

М.Әуезовтің «Айман -Шолпанында» – Көтібар батыр, «Қара қыпшақ Қобландысында» – Қобланды батыр, «Еңлік–Кебекте» – Нысан Абыз, «Қаракөзде» – Нарша, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлуында» – Қарабай, «Ақан Сері - Ақтоқтысында» – Палуан, М.Байсеркенұлының «Абылай ханның ақырғы күні» қойылымында – Абылай хан, «Кене Ханда» – Есет батыр, Ж.Артықбаевтың «Малайсары тарханында» – Қазыбек би және т.б ірілі-ұсақты бейнелерімен көрермен қошеметіне бөленді.

Жастар театры сахнасындағы рөлі:

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Дәулетбай  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Тілеп (үлкен кезі)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Көтібар (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

О.Бөкей «Қар қызы» / романтикалық драма/ - Сиыршы шал (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Көрші шал  (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Жетістіктер

Арқалық қаласының Құрметті азаматы. 

1975 жылы Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1976 ж. Қазақ ССР-ның Құрмет кітабына алтын әріппен аты жазылған;

1978 ж. Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген арисі атағы берілді;

2005 ж. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен;

2008 ж. «10 жыл Астана» медалімен;

2010 ж. «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалімен;

2011 ж. «Қазақстан Республикасы Тәулсіздігіне 20 жыл» медалімен;

2012 ж. «Павлодар облысына 75 жыл» медалімен;

2012 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды.


2014 жылдын бастап, Астана қаласы Жастар театры труппа меңгерушісі қызметінде еңбек етіп келеді.