ПОЗДРАВЛЯЕМ!!!
СҮЙІНШІ!
Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры үшін айрықша қуанышты жаңалық!
Театрымыздың негізін қалаушысы, көркемдік жетекшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді! 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда төрінде бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Президент Нұрқанат Жақыпбайдың театр және кино саласында жарты ғасырдан астам уақыт бойы еңбек етіп, төл мәдениетімізді дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
«Көрерменнің көзайымы болған мазмұнды қойылымдарды сахналап, театр әлемінің нағыз майталманы ретінде танылдыңыз. Көптеген пьесалар мен фильмдерде түрлі рөлдерді шебер сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде жас таланттарды өнерге баулып, оларға бағыт-бағдар беріп келесіз», – деді Мемлекет басшысы.
@tokayev_online @aida_balayeva @astana_akimdigi_akimat_astana @astana.madeniet
